RU EN KZ TR Байланыс

XI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІ



XI Халықаралық Түркология конгресі

Ахмет Ясауи университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен екі жылда бір рет өткізілетін XI Халықаралық Түркология конгресі Түркістан қаласы, университет кампусында 2025 жылдың 1-3 қазан аралығында офлайн және онлайн форматта өтеді.

Ахмет Ясауи университеті Өкілетті Кеңес Басқармасы және Түркология ғылыми-зерттеу институты Түркология және Түркі дүниесі зерттеулері бойынша жобалар жүргізіп, конгрестер ұйымдастырып, кітап жұмыстарын жүзеге асыруда.

XI Халықаралық Түркология конгресінің негізгі тақырыбы «Түркология және Түркі дүниесі» болып белгіленді.

Тамыры терең және бай тарихи мұраға ие түркі халықтарының ортақ құндылықтарын жақындастыруда Түркология және Түркі дүниесінің алатын орны маңызға ие. Конгресте түркология ғылымының өткеннен бүгінге дейінгі кең ауқымда ашқан зерттеулері, талдаулары, мәліметтері, құжаттары мен жазбалары, Түркі дүниесі мен түркология ғылымының өзекті мәселелері талқыланып, талқыланады.

Конгресімізде «Түркология және Түркі дүниесі» тақырыбы аясында ұсынатын баяндамаларыңызды түрік, қазақ, ағылшын, орыс және басқа да түркі тілдерінде ұсына аласыздар.

Конгреске өтінім берушілер https://turkoloji.ayu.edu.kz/kz/ мекенжайдағы өтінім формасын толтыру арқылы тіркеле алады. Өтініміңіздің бізге жетуі үшін көрсетілген конгресс өтінім формасын толық толтыруыңыз қажет.

Конгресс туралы қосымша ақпарат алу үшін turkoloji.kongresi2025@ayu.edu.kz электрондық пошта мекенжайы арқылы бізге хабарласа аласыз.

 



Хабарландырулар


Серіктестер