RU EN KZ TR Байланыс

XI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІ



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті зерттеушілер,

Түрік тілі, мәдениеті, тарихы және қоғамдық құрылымдардың ғылыми пікірталастарының маңыздылығы негізінде ұйымдастырылып жатқан, «Түркология және Түркі дүниесі» атты XI Халықаралық Түркология конгресіне қатысуға шақырамыз. Түркология, түркі дүниесі және түркі мәдениеттері арасындағы байланыстарды нығайтуды, әр түрлі географиялық аймақтарда өмір сүретін түркі қауымдастықтарының мұрасын білуді, өткеннен бүгінге дейінгі бұл қауымдастықтарда кездескен қиындықтар мен мүмкіндіктерді шешуді мақсат ететін бұл конгресc пәнаралық өзара әрекеттесу алаңын ұсынады.

Бұл конгресc түркі тілі мен әдебиетінен, түркі мәдениетіне, тарихи мұралардан, түркі дүниесінің саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымына дейін кең ауқымда өткізілетін отырыстарымен түркология саласындағы қазіргі дамуларды талқылайтын маңызды ғылыми платформа болады. Қатысушылар өз саласындағы білікті ғалымдармен, зерттеушілермен және студенттермен пікір алмаса отырып, түркология және түркі дүниесі туралы жүргізіліп жатқан зерттеулердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік алады.

Конгресc туралы мәліметтер:

  • Конгресc күні: 2025 жылғы 1-3 қазан
  • Өтетін орны: Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кампусы, Түркістан/Қазақстан
  • Конгресc тілі: қазақша/түрікше/орысша/ағылшынша

Конгресімізде Түркология  және  Түркі дүниесі зерттеулерінің көптеген қырлары қарастырылады. Конгресімізде қамтылатын негізгі тақырыптар төмендегідей:

1.Түркі тілі және әдебиеті:

Түрік тілі мен әдебиетінің тарихи үдерісі, бүгінгі даму жағдайы және түрлі түркі диалектілері арасындағы өзара байланыстар қарастырылады. Сонымен қатар, Түркі тілінің әлем тілдерімен қарым-қатынасы, түркі әдебиетінің классикалық және қазіргі кезеңдері, халық әдебиеті және жаңа заман әдебиеті түсініктері талқыланады. Түрік тілінің әдеби өндірістегі рөлі және түркі дүниесіндегі тілдік әртүрлілік те осы тақырып аясында қарастырылады.

2.Түркі мәдениеті және өнері:

Түркі мәдениетінің терең тарихы, дәстүрлі өнер түрлері, түркі халық музыкасы, классикалық түркі музыкасы, кино және бейнелеу өнері сияқты мәдени көріністер туралы пікірталастар жүргізіледі. Сонымен қатар түркі халықтарының қолөнері, дәстүрлі киім және тағам мәдениеті де осы тақырыпта қарастырылатын маңызды мәселелер болып табылады. Түркі мәдениетінің әр түрлі географиялық аймақтарда қалай қалыптасқаны және мәдени өзара байланыстары қарастырылады.

3.Түркі тарихы және әлеуметтік-мәдени құрылымдар:

Түркілердің тарихи сапары, олар құрған мемлекеттер мен мәдениеттер, қоғамдық құрылымдар, мәдени байлықтар мен түркі халықтарының бүгінгі күнге дейін жеткен тарихи мұралары конгресіміздің маңызды тақырыбы болады. Түркі тарихының ерте кезеңдерінен қазіргі кезеңіне дейінгі түркі дүниесінде болған мәдени, әлеуметтік және саяси өзгерістері зерделенеді.

 4.Түркі дүниесі және халықаралық қатынастар:

Түркі дүниесінің мәдени, саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымына қатысты жүргізілетін жұмыстар, аймақтық ынтымақтастық және халықаралық қатынастардағы маңыздылығы талқыланады. Түркі дүниесі арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері, диаспора және көші-қон, түркі республикалары арасындағы қатынастар және түркі тілінің таралу үдерістері сияқты мәселелер қарастырылады.

 5.Түркі тілдерін оқыту және тіл саясаты:

Түркі тілін үйрету және оқыту, түркі тілі саясатын дамыту, түркі тілі мен әдебиетін дүние жүзіне таныту жөнінде жасалатын баяндамалар осы тақырып аясында жинақталады. Түрік тілін оқыту және қорғау, түрік тілінің жаһандану үдерісінде кездескен қиындықтары мен мүмкіндіктері туралы терең пікірталастар жүргізіледі.

 6.Түркі дүниесіндегі қазіргі әлеуметтік-саяси және экономикалық дамулар:

Түркі дүниесінде соңғы жылдары болған әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістерге қатысты ғылыми зерттеулер конгресімізде орын алады. Осы тақырып аясында түркі қауымдастықтарының кездескен қоғамдық мәселелері, дамып келе жатқан экономикалық қатынастар, халықаралық аренада болған өзгерістер және түркі дүниесіндегі геосаяси динамикалар талқыланады.

Қатысу және өтінім:

Конгреске қатысу үшін баяндамаларыңыздың аңдатпасын соңғы жіберу күніне дейін turkoloji.kongresi2025@ayu.edu.kz  мекен-жайына жібере аласыздар. Баяндама аңдатпалары конгресс комитетімен бағаланады және қабылданған баяндамалар үшін толық бағдарлама түсіндірмесі жасалады. Конгреске қатысушылар 2025 жылғы 20 маyсымға дейін тіркелуі керек.

Конгресc бағдарламасы және толық мәліметтер:

Конгресc бағдарламасы өтінімдерді қарағанннан кейін жарияланады және қатысушыларға электрондық пошта арқылы хабарланады. Сонымен қатар конгреске қатысты барлық мәліметтер мен хабарландырулар https://turkoloji.ayu.edu.kz/tr арқылы жасалады.

Түркология және түркі дүниесі зерттеулеріне үлес қосқысы келетін барша ғалымдарды, түркі мәдениеті мен тілдеріне қызығушылық танытушы қатысушыларды арамызда көргіміз келеді. Ғылыми білімімізді бөлісе отырып, осы саладағы зерттеулерімізге жаңа қырлар қосуға үміттенеміз.

Құрметпен,

 

 «Түркология  және  Түркі дүниесі» атты XI Түркология конгресін ұйымдастыру комитеті

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті